Экс-шенеунік Бишімбаевтың соққыдан қайтқан әйелі туралы не белгілі?

13712
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Бишімбаев Қуандық өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарладық.

Ол Достық көшесі, 16-үйде орналасқан «Бау» мейрамханасында әйелін соққыға жыққан. 31 жастағы әйел алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған.

Белгі болғандай, ұсталғанға дейін Бишімбаев өзін пышақтаймын деп қорқытқан. Күдікті қамауға алынды.

“Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл ауданы ТЖД және ҚБ жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» бойынша бұл қылмыстық іс бойынша басқа ақпарат беру мүмкін емес”, деп хабарлады ІІМ.

Экс-шенеуніктің бұл үшінші әйелі - Салтанат Нүкенова. Марқұм жайлы не белгілі?

Салтанат Нүкенова қайтыс болған кезде 31 жаста еді. Туған жері - Павлодар. 1992 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Бұл туралы ақпарат оның жеке әлеуметтік желілерінде көрсетілген.

Салтанат астрологияны зерттеп, жеке блогын жүргізген. Оның парақшасында көрсетілгендей,  кеңес беру құны шамамен 80 мың теңгені құраған.

Салтанаттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазғандай, ол бұрынғы министр қабылдауға келгенде танысқан. Ерлі-зайыптылар шамамен бір жыл бұрын үйленді.

Салтанаттың ағасы Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Нүкенов болуы мүмкін.

Пікірлер