Home » Айдарлар » Саясат » Зеленский Саакашвилиге Украина азаматтығын қайтарып берді

Зеленский Саакашвилиге Украина азаматтығын қайтарып берді

Украина президенті Владимир Зеленский Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге Украина азаматтығынан қайтарып берді. Зеленский Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырған жарлықтың күшін жойды. Бұл туралы Украина президентінің сайты хабарлады.

23 мамырда Саакашвили Зеленскийден өзіне Украина азаматтығын қайтарып беруді сұрап, хат жазған.

2004-2013 жылдары Грузияны басқарған реформатор Саакашвили 2015 жылы Украина азаматтығын қабылдап, Грузия азаматтығынан айырылған. Сол кезде оны Украинаның экс-президенті Петр Порошенко Одесса облысының губернаторы етіп тағайындаған. Саакшавили бұл қызметті аз уақыт атқарды да, 2016 жылғы қарашада үкіметті жемқорлықпен күресіне кедергі жасады деп айыптап, отставкаға кеткен. Содан кейін ол Порошенконы қатты сынай бастаған.

Петр Порошенко 2018 жыоы шілдеде шетелде жүрген Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырған. Порошенко билігі Саакашвилиді Януковичтің “қылмыстық тобына қатысы бар” және “Ресейдің Киевке қарсы арандату жоспарының бір бөлігі” деп айыптаған. Грузия президенті болып тұрған кезінде Ресеймен қарулы қақтығысты бастан өткерген Саакашвили бұл айыптауларды “абсурд” деп сипаттайды.

Украина азаматтығынан айырылған соң Михаил Саакашвили ресми түрде азаматтығы жоқ адам деп танылып, Нидерландта тұруға ықтияр хат алған.

“Азаттық” радиосы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Ердоған Қытайға қатысты тосын мәлімдеме жасады

Түркия басшысы Қытай мен Түркия арасындағы өшпенділікті қоздыруға жол берілмейтінін айтты Түркия президенті Режеп Тайып ...