Жол апатынан көз жұмған балалар саны күрт көбейді - ІІМ

1067
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Жол апатынан көз жұмған балалар саны күрт көбейді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі ата-аналарға ескерту жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес,  биыл жол апатынан қайтыс болған балалардың саны 14%-ке, ал зардап шеккендер саны 3%-ке өскен. 

  Баланың жолдағы мінез-құлқы көп жағдайда ата-анасына байланысты. Бала көргенін істейді, - дейді полицейлер.

 Осы орайда жаяу жүргіншінің кінәсінен болатын жол апатының негізгі себептері айтылды. Олар:

  •   белгіленбеген жерден жолды кесіп өту;
  • жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өту;
  • бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту.

 

Пікірлер