Дәрігер: Бізге түйенің зәрін ішіп емделген науқастарды құтқаруға тура келеді

3031
Adyrna.kz Telegram

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, дәрігер Эрик Абенұлы дәрігерлік кеңесін айтты. Түйенің зәрі мен ас содасының зиянын мысалға келтірді.

"Түйенің не басқа жануардың зәрі, адамның зәрі ешқашан адамға пайдалы болмайды. Тіпті, ол қандай киелі болса да. Кез келген жануардың зәрі оның керексіз сыртқа шығарылған дүниесі. Сонда оны не үшін ішеді? Өзіңізді, балаларыңызды аяңыз. Оны жарнамалайтындардың өзі ішсін. Бізге зәрден уланғандар жансақтау бөліміне көп түседі. Осыдан кейін қалай ішуге болады?", - деді дәрігер.

Ғаламторда онкологиялық ауруларға қарсы не басқа да дертке қарсы көптеген дәрілер жарнамаланып жүр. Оның ішінде ас содасы бар. Алайда дәрігер мұның бәрін теріске шығарды.

"Қымыз бен шұбат пайдалы. Оны профилактикалық ем ретінде де, иммунды жүйені көтеруге де пайдалуға да болады. Алайда онкологиялық ауруларды, туберкулезді емдей алмайсыз. Ас содасын ішкеннен, ғаламторда шыққан басқа да дәрілерді ішкеннен ешқандай ғажайып болмайды. Олардың көздегені тек - ақша. Оған сенетін адамдар барда, ұялмай бизнесін жүргізетіндер болады", - деп жазады Эрик Абенұлы парақшасында.

Stan.kz

Пікірлер