Мемлекет басшысы Непал халқына көңіл айтты

2325
Adyrna.kz Telegram
ntv.ru
ntv.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Непал Президенті Рам Чандра Паудельге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.

Қасым-Жомарт Тоқаев Непал Президенті мен халқына жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандарға байланысты көңіл айту жеделхатын жіберді.

«Мен Непалдағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан көптеген адамдардың қаза тапқаны және құрбан болғаны туралы хабарды қатты өкінішпен қабылдадым. Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын. Табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, хабарсыз кеткен азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін», - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Непалдағы жойқын жер сілкінісінен 128 адам қайтыс болды. Хабарсыз жоғалып кеткен азаматтарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер