Қарағанды ​​облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2333
Adyrna.kz Telegram
Ерлан Кусайын. Фото:gov.kz
Ерлан Кусайын. Фото:gov.kz

Бұған дейін Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарған Ерлан Құсайын Қарағанды ​​облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Ерлан Құсайын білім, мәдениет, спорт, жастар және ішкі саясат мәселелерін қадағалайтын болады, ол бұрынғы депутат Ербол Әліқұловтың орнына келді», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ерлан Құсайынның үш жоғары білімі бар, Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Қазтұтыну одағы Қарағанды ​​экономикалық университетін «экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі.

Еңбек жолын 1999 жылы қазақ тілі мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды ​​облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қаржы, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2008-2014 жылдар аралығында Қарағанды ​​облысы әкімінің баспасөз қызметінде түрлі қызметтерді атқарған.

Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қарағанды ​​облысы әкімінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығын басқарды. Қарағанды ​​облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.
2022 жылдың сәуір айынан бері Қарқаралы ауданының әкімі болып қызмет етті.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер