Тоқаев Ақордада Франция президентін күтіп алды

1412
Adyrna.kz Telegram
©️ Tengrinews.kz / Данияр Есетов
©️ Tengrinews.kz / Данияр Есетов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президенті Эммануэль Макронды қарсы алды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Франция басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға келді. Ол Қазақстанда ресми сапармен жүр.

Дәстүр бойынша резиденцияға екі елдің Министрлер кабинетінің мүшелері жиналды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуімен салтанатты рәсімнің ресми бөлімі басталды.

Салтанатты шараның басында құрметті қарауыл бастығы ел басшыларына рапорт берді, одан кейін Қазақстан мен Францияның әнұрандары шырқалды.

Президенттер күлімдеп қол алысып амандасып, кездесуді шектеулі құрамда жалғастырды.

Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эммануэль Макронның жауап сапары. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті өткен жылдың қараша айында Парижге барып, Макронмен келіссөздер жүргізген болатын.

Пікірлер