Шахтада апат болмайды деп кепілдік бере алмаймыз – Қанат Шарлапаев

2768
Adyrna.kz Telegram
Фото:
Фото:

Әлеуметтік желіде «Үкімет Қарағанды шахтасын Лакшми Митталдан алып, Ресейлік компанияға беруі мүмкін» деп жазылып жатыр. Бұл сөз қаншалықты шындыққа жанасады? Осы және өзге де сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, біріншіден, компанияны мемлекеттік меншікке өткізу жұмыстары аяқталуы керек. Сондай-ақ ол ешқандай инвесторларды қарамайтынын, шахтаны тек отандық инвесторлар алатынын ескертті.

Журналист «Алдағы уақытта шахтада апат болып, тағы қаралы күн жариялап жүрмейміз бе? Бұдан былай апат болмайды деп кепілдік бере аласыздар ма?» деп сұрақ қойды.

«Сіздер жақсы білесіздер, ол қауіпті кәсіпорын. Қазіргі таңда ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Бірақ бір кепілдік беруге мүмкіндік болады, келген инвесторға қауіпсіздік үшін қанша қаржы жұмсайтыны бойынша келісім-шарт болады. Мысалы, қауіпсіздікті барынша сақтау үшін қандай құрылғы алатынын анықтаймыз. Мұндай күрделі әрі қауіпті өнеркәсіпте 100 пайыз қауіпсіздік ережелері сақталады деп кепілдік беру қиын. Бірақ мұндай шахтада қауіп-қатердің азайтуға мүмкіндік бар. Осы талапты кез келген жаңа инвестордың алдына қоятын боламыз», – деді министр.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер