Қытай&АҚШ соғысы. HUAWEI-дің түбіне жеткен 5G

3542
Adyrna.kz Telegram

Америка мен Қытай Huawei-ге байланысты алысып жатыр. Оның басты себебі, телефон саудасы емес, қытай компаниясы 5G теxнологиясын дамытып жатыр.

Ол не деген сөз? Егер Жигулийдің  бағасына Мерседес сататын болса, қайсысын аласыз? Сол сияқты егер Huawei 5G инфрақұрылымын дамытып, IPhone-нан әлдеқайда жылдам істейтін теxнология ұсынса, әлем тұтынушылары Huawei-ге өтіп кететіні айтпаса да түсінікті.

Сонда қанша жылдам дейсіз ғой... Айталық, егер 3G-мен бір киноны бір тәулікте жүктеп алсаңыз, 4G арқылы 5 минутта, ал 5G-мен 3 секунда жүктейсіз.

Иә-иә, 3 секунд!  Басып үлгермейсіз, кино сияқты ауыр файлдың өзі жүктеліп қалады.

Американың арпалысып жатқанын түсінуге болады.  Кезінде олар 4G шығарғанда экономикасы бірден $100 млрд өскен екен, ал 5G теxнологиясын енгізсе, 3 млн жұмыс орны ашылып, ІЖӨ $500 млрд-қа өспек.

"Бақытымызға орай", орысша айтсақ, "нам это не грозит", бізде әрең істеп тұрған интернетке 4G-деп белгі қоя саламыз, 5G де солай болатынына күмәнім жоқ.

Форма бар, мазмұн жоқ. Сөз бар, іс жоқ. Сыртымыз бүтін, ішіміз түтін. Қазақ қоғамы осындай ауруға тап болды.  Синдромы жоғарыдағыдай. Атын өзіңіз қойып алыңыз.

Шыңғыс Мұқан

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер