Иранда хиджаб киюден бас тартқан бойжеткен қайтыс болды

1886
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Иранда хиджаб кимеген 16 жастағы Армита Гераванд тәртіп сақшыларының соққысынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі BBC-ге сілтеп.

Иранда бойжеткен бірнеше аптадан кейін реанимацияда қайтыс болған. Оның денсаулығына полицейлер зиян тигізген.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қыз хиджабының жоқтығы үшін метрода полиция ұстаған кезде ауыр жарақат алған.

"Тегерандық студент Армита Гераванд бір сағат бұрын реанимация бөлімінде қайтыс болды",-деді Иран Республикасының жастар істері министрлігімен байланысты Борна ақпарат агенттігі.

Hengaw тәуелсіз құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, метрода бұл оқиға 3 қазанда болған.

Билік өкілдері оны платформада тоқтатып, оның басын жабуды талап еткен. Қыз бас тартқан сәтте, полицейлер оған күш қолданыпты. Билік полиция қызметкерлерінің жарақаттанғанын үзілді-кесілді жоққа шығарған.

Қазан айының басында Армита Гераванд комаға түсіп, үздіксіз ем алған.

Бұл оқиға дүрбелең тудыруда. Себебі көптеген ирандықтар Армитамен болған оқиғаны өткен жылы 22 жастағы Махса Аминимен болған жағдаймен салыстыруда. Ол да хиджаб кию ережелерін сақтамағаны үшін ұсталып, Махса бірнеше күн өткен соң қайтыс болғанын еске саламыз.

Пікірлер