29 қазан - Жалпыұлттық аза тұту күні

2506
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/850a6c9b-ad03-4bc1-9c01-e70a244c87ab.jpeg
29 қазан - Жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. Бүгін еліміздің барлық аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, телерадиокомпаниялар хабар тарату кестесін өзгертіп, ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатты. Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған. Қайғылы оқиға 28 қазан күні түнде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Костенко атындағы шахтасында болған. Соңғы ақпараттар бойынша, қаза тапқандардың саны 33-ке жетті. Әлі 13 кенші жер астында қалғаны мәлім. Олар хабарсыз кеткен деп саналады. Төтенше жағдайлар министрі олардың тірі табылу мүмкіндігі өте төмен екенін айтады.
Комментарии