10 жастағы қазақстандық шахматтан әлем чемпионы атанды

1880
Adyrna.kz Telegram
Сурет: instagram.com/chessacademy.kz
Сурет: instagram.com/chessacademy.kz

Египетте өткен кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында 10 жастағы Данис Қуандықұлы алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Жансая Әбдімәлік шахмат академиясының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2023 жылғы 16-26 қазан аралығында Шарм-эль-Шейх қаласында «8, 10 және 12 жасқа дейінгі» жас санаттарында шахматтан әлем чемпионаты өтті. Бұл турнир жас шахматшылар үшін негізгі және ең беделді жарыс болып табылады. Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясының «Спец» тобының оқушысы, Данис Қуандықұлы «10 жасқа дейін» жас санатында өнер көрсетті»,—делінген хабарламада.

11 турдың қорытындысы бойынша жас шахматшы 9 ұпай жинап, 7 жеңіске қол жеткізді, 4 рет тең ойнады.

«Данис Қуандықұлының жетістігі қазақстандық шахмат үшін тарихи болып табылады, өйткені ұлдар мұндай деңгейдегі жарыстарда ешқашан әлем чемпионы атанған емес. Қорытынды кестеде Данис АҚШ, Ресей және Қытайдан келген ең мықты шахматшылардан асып түсті.

Данис Академияда 5 жасынан бастап бізде оқиды, спорт шеберіне кандидат, өзінің жас санатында Алматы мен Қазақстанның қазіргі чемпионы болып табылады»,—деп толықтырды шахмат академиясы.

Пікірлер