Тіл тұжырымдамасына Қазақстаннан және Ресейден көзқарас

2220
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbussines.kz
Фото: inbussines.kz

Қазақстан Үкіметі 2023–2029 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасын" әзірледі. Құжат ел Үкіметінің №914 қаулысымен бекітілді. Соған сәйкес әрбір мемлекеттік қызметкер қазақ тілін білуге ​​міндетті. 

Бұл ретте қазақ тілі мемлекеттік қызметтің негізгі жұмыс тіліне айналмақ. Тұжырымдаманы бекітетін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің тиісті қаулысы Әділет министрлігінің құқықтық-ақпараттық порталында жарияланды.

“Тұжырымдаманы іске асыру барысында жекелеген саяси мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілін білуге ​​міндеттейтін талаптар әзірленетін болады. Бұл ретте мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметтің негізгі жұмыс тіліне айналады», - делінген тұжырымдамада. 

Жалпы, «қоғамның барлық салаларында мемлекеттік тілдің басымдығын қалыптастыру, қолдану аясын кеңейту және беделін арттыру» шаралары қабылданады.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан халқының үлесі 2023 жылғы 81 пайыздан 2029 жылы 84 пайызға дейін, ал мемлекеттік тілді орташа деңгейден жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметкер үлесі 2023 жылғы 35 пайыздан алты жылда 50 пайызға дейін өспек.

Мемлекеттік телеарналардағы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың үлесі 84 пайыз (2023 жылы 70%), ал қазақ тілінде оқытатын мектептердің мемлекеттік тілді орташа деңгейден жоғары деңгейде меңгерген түлектерінің үлесі 75 пайызға дейін (2023 жылы 45%) көтеріледі.

Дегенмен, құжатта қазақ тілінің мәртебесін айқындайтын тіл туралы заңға қарамастан, «Қазақстанда қоғаммен байланыс ең алдымен, орыс тілінде жүргізілетіні» атап көрсетілген.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлын қабылдаған кездесуде білім беру, БАҚ және технология салаларында мемлекеттік тілдегі мазмұнды арттыру бойынша практикалық жұмыс жүргізу қажеттігін айтқан болатын. 

Қазан айында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алдағы жылдары қазақ тіліндегі телерадио хабарларын таратудың жалпы үлесін кезең-кезеңімен 50 пайыздан 70 пайызға дейін арттыруды көздеп отырғанын мәлімдеген.

Конституцияға сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ал бұл ретте мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылуы мүмкін.

«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЕМТИХАН АЛАТЫН АРНАЙЫ КОМИСМИЯ ҚҰРЫЛУЫ КЕРЕК»

Мәжіліс депутаты, саясаткет Ермұрат Бапи мемлекеттік қызметкердің қазақ тілінде емтихан тапсыруын қатаң қадағалу керек дейді. 

“Елдің президенті президенттік сайлауға түсер алдында қазақ тілінен мемлекеттік емтихан тапсырады. Ол қазақ тілінің білетіні, не білмейтіні жөнінде ел алдында, мемлекет алдында өз біліктілігін білдіреді. Бұл - өте маңызды мәселе. Өйткені ел басқаратын адам өзінің қазағының, ұлтының тілін, міндеттерді, философиясын білу керек. 

Бірақ бізде бір кем жағдай бар. Министрлікте, лауазымдық қызметке тағайындылатын азаматтарға осындай талап қойылмайды. Міндетті түрде қазақтың тілін білетін жөнінде президенттен кейін әрбір тағайындалатын лауазым иесі мемлекеттің тілді білу жөнінде емтихан тапсыруы керек. Өзінің ұлтының тілін білмесе,өзінің қазағының қасиетін білмесе ол адам ешқашанда ұлттық мүдде тұрғысында елге қызмет ете алмайды. Аталған тұжырымдаманы қолдаймын. Дегенмен, онда биліктегі барлық тұлғалардың, шенеуніктердің, депутаттардың міндетті түрде мемлекеттік тілді білуін талап ету жоқ.”, - деді депутат “Адырна” ұлттық порталына берген жауабында. 

Сондай-ақ, Ермұрат Бапи елде қазақ тілінің біліктілігі жөнінде тұрақты комиссия болуы керек, деп есептейді. 

“Негізінде бізде қазақ тілінің біліктілігі жөнінде тұрақты комиссия болуы керек. Ол енді қай министрлік құрамында болатынын білмеймін. Ол бөлек бір қоғамдық қызмет болуы мүмкін. Әрбір лауазымды қызметкер тағайындылар алдында ұлттық комиссияның алдынан өтуі керек. Егер комиссия қазақ тілін білмейді деп шығаратын болса, президент те, премьер-министр де тағайындай алмау керек. Сонда қазақ тілінің қадір-қасиетін білдіреміз.

Егерде әлдебір қызметкер комиссия алдындағы емтиханнан өтпей қалса, президент немесе премьер-министр оның қазақ тілін білмегенін айтып, мәлімдеме жасауы керек. Сол комиссия талқысынан өтпеген адам ешқашанда мемлекеттік дәрежедігі лауазымды қызметке тағайындауға болмайды. Сонда ғана бұл ұлтқа жанашырлықтын үлкен бір белгісі болар еді. 

«ОРЫС ТІЛІНІҢ «ҰЛЫЛЫҒЫН» ҰМЫТПАҒАНЫМЫЗ ДҰРЫС»

Ал «Ресей-Балқан диалогы» халықаралық ынтымақтастық орталығының жетекшісі, Ресей Федерациясы Воронеж облысының губернаторы жанындағы Ұлттық палатаның мүшесі Евгений Осенковтың пікірінше, орыс тілін де шетке ысырмай,  дамытуды ұмытпаған дұрыс.

“Меніңше, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін міндетті түрде білуі туралы заңның еш кемшілігі жоқ. Оның үстіне, әсіресе мемлекет өкілдері мемлекеттік тілді білуі керек. Дегенмен, бұл заңның қалай орындалатынын бақылау маңызды. Мемлекеттік қызметкерлікке кімдер «тағайындалуы» мүмкін және мұндай заңды қолдану болашақта қандай нәтижеге әкелуі мүмкін?

Бірақ жағымды мысал жоқ. Өйткені, Украина аумағынан біз орыс тілін украин тіліне ауыстырудың қорқынышты динамикасын көрдік. Мұндай, әрине, болмауы керек. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуда орыс тіліне (қазақ мектептеріндегі сабақтар қысқартылып жатыр) назар аударып, оның «ұлылығын» ұмытпағанымыз дұрыс деп ойлаймын.

 Сондай-ақ Ресейде қазақ тілін «латындандыру» фактісі алаңдатады. Бұл Азия мемлекетін сыртқы әлеммен байланыстыруға қолайлы, бірақ кириллицаның емлесін қалдыру керек. Өйткені, оқудың жеңілдігі тұрғысынан дүние жүзіндегі орыс тілділердің қазақ мәдениеті мен тарихына жақындауына мүмкіндік береді”, деді ол.

Айта кетейік, тұжырымдамада латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылардың үлесін 2022 жылғы – 10%-дан 2025 жылы – 50%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Дегенмен Үкіметтің бұл жоспары артта қалды. Қазақ тілінің латын графикалы әліпбиі негізінде қазақ тілін оқытудың ұлттық стандарты мен үлгілік бағдарламасын әзірлеу 2026 жылдың соңына ысырылды.

Дана Нұрмұханбет

“Адырна” ұлттық порталы



Пікірлер