Тоқаев теледебатқа қатыса алмауы мүмкін

2794
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 29 мамырда «Хабар» арнасында алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысатын кандидаттар арасында теледебат өтетінін хабарлады.

"Бірақ бұл дебатқа, қазіргі мемлекет басшысы, президенттіктен үміткер 7 кандидаттың бірі Қасым-Жомарт Тоқаев қатыса алмауы  мүмкін. Өйткені, 29 мамырда елордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы өтеді. Біз ондай жоғары деңгейдегі іс-шараның өтетінінен хабарымыз болған жоқ. Дәл қазір - президент сайлауының үгіт-насихат кезеңі. Сондықтан ондай іс-шаралар өте көп", - дейді Орталық сайлау комиссиясының өкілі Ләззат Сүлейменова. 

Оның айтуынша, теледебатқа үміткерлердің штабынан 2 адам қатысса жеткілікті.  Кандидаттың теледебаттан бас тартуға құқығы бар.

Айта кетейік, теледебат 3 раундтан тұрады. Бірінші раундтың тақырыбы – Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары». Екінші раунд «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» деп аталады.  Үшінші раундтың тақырыбы –  «Сайлаушыларға арнау». Онда қатысушылар тікелей сайлаушыларына арнап сөз сөйлейді.

Пікірлер