Қоғамдағы қазақ тілінің бейнесі мен мәдениеті

2873
Adyrna.kz Telegram
bugin.kz
bugin.kz

Тiл – жүйелі һәм күрделі құбылыс екені анық. Оның құдіретт де қасиеттіі күшінде еш өлшеу жоқ, шектеу де қойылмаған. Кез келген мемлекеттің тіліне және оның  көркемдігіне тең келер теңеу де табылмасы анық. Ұлы ұғым – барша ұлттың жаны әрі халықтың үні. Тілі жойылса халық та жер бетінен жоғалуы сөзсіз екені талайдан бері айтылуда.

Ұлт сөзі қозғалған тұста, шүбәсіз «мемлекеттік тіл»  ұғымы пайда болары хақ. Мемлекеттің ортақ тілі – eл рухын көтеретін, жеке мемлекеттік рәміздері байрақ, елтаңба, әнұран секілді дәрежесі асқақ ел қазынасы болып табылатыны жасырын емес.

Қазіргі қазақ қоғамындағы кейбіреулердің тілді білмеуі,  мәңгүрттіктің басы да өз ана тілін ұмытудан әрі oны өзге тілге айырбастаудан туғандай-ақ. Тілі мен мәдениетінен айырылған мұндай адам рухани кедейленуімен қатар өз болмысын түсінбейтіні тағы бар.

Мемлекетінің ертеңін ойлаған, болашақтың жарқын болуын қалаған адам әр патриот алдымен қоғамда өзін жөндеуі тиіс деп есептейміз. Дәл қазіргі сөйлеу және жазу әдебіміз бен тіліміздегі көптеген амал-тәсілдердің қолданылуы мен сөздердің айтылуына назар аудару қажет.  Айтар сөздің орынсыздығы  байқалса, оның айтылуы қазақ тілінің тілдік нормаларына сәйкес еместігі белгілі. Осы жайында көңілге күдік ұялатар сұрланған сауалдар мен күдіктер саны арта беретіндігін де айта өткеніміз жөн. Сөз қолданысының дұрыстығы не бұрыстығын бағалау,оған нақты баға беру арқылы пікір білдіру оңай емес. Бұл тұста қоғамда тартысты пікірталастар мен талқылаулар толассыз жүруде. Өзекті мәселенің біріне айналған тілдік мәдениет –ұлттық құндылықты сақтауға бағытталған деуге болады.

Қазір концерттерде, конференцияларда не болмаса шерулер барысында, қоғамдық жерлерде спикердің көпшілік алдында сөйлеген сөзі жұртшылықты ұйытып қана қоймайды әрі тыңдаушыға өзіндік әсер сыйлауы қажет. Ой мен санаға қатар әсер етіп, жаңа леп сыйлайтын сөзді тыңдаудан ешкім де жалыққан емес. Сондықтан адамдар арасындағы қарым-қатынас таза сөйлеу арқылы жүзеге асып отыратынын ескерген жөн.

Тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебіне екпін қойған тұлға сөйлеу этикетіне, қазақ тілінің тілдік құрылымына зер салады, мұқият болады. Өз ойында сөйлеудің ізеттілігі мен орнын, өзіндік қырлары мен сырларын аңғарады. Сөз тазалығы – біздің қазіргі қоғамда аса қажетті маңызы бар дүниелердің бірі де бірегейі. Заманнан талабы бойынша қарапайым тұлға сөйлеу барысында,  сөз арасында бөгде тілдің элементтерін қолданбағаны дұрыс. Мұндай қағиданың болуы ол  шарттылық. Себебі бір тілде таза әрі анық сөйлеу – ұлтқа, халыққа, туған жерге деген үлкен құрметтің белгісі.

Тіл мәселесінде қойылар негізгі талаптардың бірі – сөздік қордың молдығы. Талапқа мойынсынбай сөз байлығына ден қоймағанның тілі жұтаң, сөзі аз болары баршаға мәлім. Сапаның функционалдық стильдердегі бейнесі әрқилы болғанымен,  қоғамның барлық  мүшелеріне қойылатын талап пен міндеттеме бір. Тілдің байлығы сөздік мәдениеттің құрамдас бөліктерінің бірі. Тілдің бай болуы ол – ұлт байлығы әрі мақтанышы екені анық.

Сөз әдебі – адамдардың арасындағы тілдік қарым-қатынастың, сөйлесудің одар ары тіл қатудың қоғамдық жұртшылық қабылдап саралай білген ұлттық сипаты бар құрылымы, этикеті және ережесі. Сөйлеу әдебін қалыптастыру үшін адамда тілдік қатынастар болуы шарт.  Сөйлеу білу- тіл мәдениетіне барар жолдың алғашқы бастауы деуге болады. Сөйлей білудің өзі де – өнер. Бұл сынды пікір халық арасында қалыптасқан.

Мемлекеттік тіл категориясына тоқталмай өтпеу жөн болмас. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған үндеулерінің бірінде тілдің ғұмырына қатысты үлкен проблема көтерген. Жолдауда қазақ тілін сақтау мен оны құрметтеу керектігі сөз етіледі.

Тамыры тереңге жайылған тарихтың ең қиын-қыстау кезеңдерін өткергенде ана тілiміз дара туған бабаларымыздың арқасында халқымызға мұра болып сақталған. Сол себепті, мемлекеттік тілді білу –сол елде тұрып жатқан әрбір азаматтың басты міндеті, басты парызы. Қазақ тілі- ұлт мақтанышы әрі сан ғасыр бойы сақталған сарқыт, мұра. Ол уақыт өте келе ескірмейді, керісінше уақыттың озық үлгісі бола біледі.  Қазақ тіліндегі сөздердің байлығына қызығып, «тілді үйренемін,  дұрыс қолданамын» деудің өзі өте жақсы бастама. «Тілдік мәдениетті, сөйлеу әдебін қолдаймын» деп жанашырлық танытып, ана тілдің дәрежесін қорғауға ниет еткендер болса қазақ тілінің ғұмыры ұзақ болмақ.

Күнделікті қолданатын әрбір сөз бен айтылар ойға мәнге абай, мұқият болуға тиіспіз. Дегенмен халық ішінде адамдардың сөйлеу дағдысында, тіл тазалығына кір келтіретін, сөйлем арасында қызметсіз, орынсыз қыстырма сөздер мен бос сөздер көптеп кездеседі. Қазақтың тілдік мәдениет деңгейі кез келген адамның сөзі мен жазуында едәуір айтылып та, байқалып та келеді. Сөз мәдениетін насихаттау біздің қоғамда әлі де жеткіліксіз екені ащы болса да шындық. Алайда есте сақтау қажет! Қазақ тілі – күрделі болса да, әлемдегі ең көркем әрi ең сұлy тiлдердiң бірi де бірегейi.  Ана тіліміз – ұлтымыздың жүрегі және  өткендердің аманаты екенін ұмытпайық!

Пікірлер