ШҚО ӘКІМІ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СЕМЕЙ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚОНАҚҚА БАРДЫ

1760
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қонаққа барды. Олардың арасында Дмитрий Литвиненко мен Құмар Өмірбаев бар. Өңір басшысы майдангерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт және ұзақ өмір тіледі.

Дмитрий Лазаревич әкімге 1943 жылдың қазан айында әскер қатарына қабылданғанын айтты. Жас жауынгер курсын өткеннен кейін Ташкентке радиотелеграфистер курсына жіберілді. 1945 жылдың ақпан айында Белорус майданына жіберіліп, әуе әскерінің құрамында шығыс Пруссиясының бекітілген астанасы Кенигсберг бекінісіне шабуыл жасады.
Ал 1941 жылы әскерге шақырылған Құмар Өмірбаев 2-ші Украин майданының құрамында соғысып, Кировоград, Крюков, Кременщук және Харьков қалаларын азат етуге қатысқан. Харьковты босату бойынша шайқастардың бірінде ауыр жараланып, туған колхозына бригадир, содан кейін Бородулиха ауданының "Коростылево" колхозында басқарушы болып жұмыс істеді.
Әкіммен әңгіме барысында ардагерлер Даниал Ахметовке өз грамоталары мен фотосуреттерін көрсетіп, естеліктерімен бөлісті. Майдангерлерге шексіз алғыс білдірген аймақ басшысы, оларды Жеңіс Күнімен құттықтап, ақшалай сертификаттар мен теледидарлар табыс етті.

 

 

Пікірлер