1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері артады

2527
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/8c216b8b-616a-4931-beab-3f92171a5ef4-960x500.jpeg?token=1bd84cdde4ef019bb449f16574390f04
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды. Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген. Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды»,—делінген хабарламада.
Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.
Комментарии