Мемлекеттік тілдің салмағын арттырып, беделін көтеру үшін еліміздегі барлық мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытылатын қазақ тілі пәнін МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САБАҒЫ деп атау керек.
Еліміздің ең басты ұйыстырушы күші, елдігіміздің ең басты анықтауышы - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ екені Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлт өкілдерінің санасына бала кезден, мектеп қабырғасынан бастап сіңірілуі керек.
Ол үрдіс жоғары оқу орындарында жалғасын табуға тиіс.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ сабағына қатыспау, бұл пәннен нашар баға алу - мемлекетке құрметсіздік болатыны қоғамдық санада бекітілуі керек.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ мемлекеттік рәміздердің қатарына қосылып, заңмен қорғалуы керек.
Бұл шаралар еліміздегі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ шоқтығын биіктетіп, дәрежесін айқындайды.
Мемлекет пен МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - егіз ұғым.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ жоқ жерде мемлекет жоқ!