Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді

2283
Adyrna.kz Telegram
prosports.kz
prosports.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы қарсыластарына есе жіберіп алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы жетінші турында Қазақстан құрамасы Даниядан 1:3 ұпаймен ұтылды.

Қазақстандық футболшылар қазір H тобында сынға түсіп жатыр. Ұлттық құрама қоржынында 12 ұпай болып, төртінші орында тұрған еді.

Ал екінші орындағы Даниялық спортшылардың еншісінде 13 ұпай бар болатын.

Ойынның алғашқы минуттарында қарсыластар қақпаға гол сала алмады. Алайда 36-шы минутта Даниялық Йонас Винд өз құрамасын алға шығарды. Одан кейін футболшы Роберт Сков қатарынан допты Қазақстан құрамысының қақпасына дәл бағыттап, екі гол соқты.

Ойынның 58-минутында қазақстандық спортшы Ян Вороговский мергендік танытып, есеп 1:3 болды.

Келесі матчта Қазақстан құрамасы Финляндия командасына қарсы ойнайтын болады.

Ойын 17 қазанда Астана уақытымен сағат 22.00-де Хельсинкидегі Олимпиада стадионында өтеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер