Бағдат Мусин астаналықтардан кешірім сұрады

2725
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы интернет сапасы үшін қала тұрғындарынын кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазір жаппай орнату және 5G технологиясына көшу жүргізілуде. Базалық станциялар біресе анда, біресе мұнда әкелінеді. Жалпы процесс жүріп жатыр.
Әрине, сол процес кезінде технология болғандықтан қиындықтар туындауы мүмкін. Тұрғындардан кешірім сұраймыз. Бұл, менің ойымша, уақытша құбылыс. Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін елорда мен Алматыдағы жағдайды түзетеміз деп сендірді»,—деді министр «digital Bridge 2023» форумы аясында өткен брифингте.

Сондай-ақ ол 2025 жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылатынын атап өтті.

«Жоспар бойынша біз биыл 700 базалық станцияны орнатуымыз қажет. Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткішті еңсерді. Жыл соңына дейін 1 мыңнан астам базалық станция орнатылады. Ұялы байланыс операторлары президенттің тапсырмасын орындап, республикалық маңызы бар қалалардың кем дегенде 75 пайызын және облыстың 60 пайыздан астамын 5G технологиямен қамтитынына толық сенемін»,—деп түйіндеді Мусин.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер