Home » Айдарлар » Саясат » HUAWEI-дің саудасы бітті

HUAWEI-дің саудасы бітті

АҚШ ҚЫТАЙЛЫҚ HUAWEI КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ 70 ФИЛИАЛЫН САНКЦИЯНЫҢ ҚАРА ТІЗІМІНЕ КІРГІЗДІ.

Осы санкцияларға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамптың үкімі күшіне енді. Осыдан біраз уақыт бұрын атақты HUAWEI-дің директорлар кеңесінің төрағасы Мэн Ваньчжоу Канадада ұсталып, АҚШ-қа экстрадацияланған болатын. Бүгін Америка сауда министрлігі компанияның әлемдегі 70 филиалы санкцияның қара тізіміне кіргенін хабарлады. Бұл жайында Reuters арнайы ақпараттар таратты.
Құрама Штаттар үкіметі елдегі гигант телекаммуникациялық компаниялардың бәріне HUAWEI компаниясының өнімдерінен бас тартуға шақырды. Оны АҚШ үкіметі арнайы мақұлдаулармен де бекітіп тастады. Дональд Трамп 15 мамыр күні арнайы үкімге қол қойды. Осыдан біраз уақыт бұрын аталған компанияның жүргізіп отырған сыртқы сауда саясаты халықаралық нормаларға сай болмағандықтан, АҚШ тарапы қатаң ескертулер жасап та келген. Соңынан санкцияның қыспағына алған. Американың федеральді тергеу органдары компанияның ішкі құпия қызметінен АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін айғақтарды анықтаған.

Дәл қазіргі уақытта компанияның басшысы Мэн Ваньчжоуге 25 пункт бойынша айып тағылып отыр. АҚШ үкіметі HUAWEI компаниясының өнімдерін тұтынатын елдердің бәріне де ескерту жасап, санкция жарияланатынын біраз уақыт бұрын-ақ мәлімдеп қойған еді. Дональд Трамп оны осы жолы тағы да қайталап айтып өтті. Қытай тағы да шаш етектен шығынға ұшырауы мүмкін.

Бекболат Қаржан

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Қызықты сайлау Түркияда өтіп жатыр

23 маусымда тура 3 күннен кейін Стамбул қаласының біздіңше айтқанда әкімі болуға Екрем Имамоглу мен ...