Күдебаевқа көмектесті деген қылмыс әлемінің серкесі жерленді

1309
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

4 қазан күні Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті Бішкекте «Коля қырғыз» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаевтың арнайы операция кезінде қаза тапқанын хабарлаған болатын.  Ал бүгін Қамшы Көлбаевтың денесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Шолпан-Атада өткен жерлеу рәсіміне 500-ге жуық адам жиналды. Олар марқұмға арнап дұға оқыды. Мәйітті зиратқа апарған кезде 500 емес, бірнеше есе көп – кем дегенде 3 мың адам жиналғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Қамшы Көлбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің талаптарын елемей, қарулы қарсылық көрсеткен. Қарсылыққа жауап ретінде арнайы жасақ сарбаздары оқ атқан.

Атыс кезінде қылмыс әлемінің серкесі қаза тапты.

Әлеуметтік желіде Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздігі үшін айыпталып, сотталған Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне Қамшы Көлбаев көмектескені туралы да ақпарат тараған. Генералды көрші республика аумағына жеткізген оның адамдары болған-мыс. Қырғызстаннан Түркияға дейін барып, кері қайтып, сотқа тартылған Күдебаев қазір жазасын өтеп жатыр.  

Қылмыстық авторитет Қамшыбек Асанбек Қазақстанда трансұлттық қылмыстық ұйым құрды деген күдікке ілінген. Қылмыс 2007-2009 жылдары жасалғандықтан, оны қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі өтіп кеткен. Осыған байланысты Қырғызстанның мемлекеттік-ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық істің тергеуін тоқтатты.

Пікірлер
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket