«Операция жасалды». Министр зорланған қыздардың жағдайы туралы айтты

1376
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында өгей нағашы атасынан қорлық көрген 3 жасар егіз қыздар мен Алматы қаласында зорланған 7 жасар оқушының жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, балалардың жағдайы бақылауда.

Балалардың жағдайы – орташа ауыр. Медицина қызметкерлері балаларды қабылдаған кезде ересек балалардың зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады. Балалар толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына уақытында хабар берілді. Олардың жарақатына байланысты балаларға операция жасалды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Дегенмен, министр қай балаға қандай операция жасалғанын айтпады.

Бұл пациенттердің жеке мәліметі екенін ескеріп, қандай операция жасалғанын айта алмаймын. Олардың дене мүшесінде жарақат болғандықтан дәрігерлер тиісті операцияларды жүргізді, - деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысы Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлағаны хабарланды. Одан бөлек, Алматыдағы мектепте 7 жасар оқушының зорланғаны белгілі болған.

 

Пікірлер