Астанада салынып жатқан ғимарат өртке оранды (ВИДЕО)

2709
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-04_181852408.png
Астанада Мәңгілік Ел даңғылында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды "Адырна". Видео astana.city парақшасында жарияланды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 15:08-де Хусейн бен Талал көшелері мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы Есіл ауданындағы жаңа ғимараттан түтін будақтағаны жайлы хабарлама бойынша өрт сөндіру бөлімшелері сағат 15:08-де әрекет еткен. «Өрт сөндірушілер келген соң, алдын ала 200 шаршы метр аумақта салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс материалдарының жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада. Оқиға орнында өртті сөндіру үшін Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 20 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеген. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 
Комментарии