Орал қаласындағы мектепте жарылыс болды

3743
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Оралдағы мектептердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты. Бұл туралы  «Адырна» ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Оралдың шетіндегі Деркөл елді мекенінде болған. Мектептің шатырына жұмысшылар қара қағаз төсеп, битум құйып жатқан. Жұмысшылар битумды от жағып ерітпекші болыпты. От тұтанғанда сол жердегі газ баллонына тиіп жарылыс болған.

Абырой болғанда, ол күні өнер мектебінде сабақ аяқталып, ғимаратта ешкім болмапты. Білім ошағына жапсарлас орналасқан бес қабатты үйге де залал тиген. Дегенмен өрт сөндірушілер жалынды дер уақытында сөндіріп үлгерген.

Қазір мектептің іші дым болмағандай тап‑таза. Тек ыстың иісі ғана бар. Жұмысшылар өрт сөндіру кезінде сынған терезелерді қайта жаңартып жатыр. Ал өрттің кімнің кесірінен шыққанын тергеушілер анықтайды.

«Шатыр материалын төсегенде жарылыс болған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында көрші орналасқан ғимарттарға өтуіне жол берілмеді. Себептері анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» , – деді БҚО ТЖД аға анықтаушы Әлішер Рафих.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер