Азиада тарихындағы ең әділетсіз шешім – Рақышев

2706
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Азия ойындарындағы ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтың жартылай финалдық кездесуінде төрешілердің шешіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

 «Құрметті жанкүйерлер, әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтың жартылай финалдық кездесуінде төрешілердің аса әділетсіз шешіміне қатысты өрескел оқиға орын алды», - деді Кеңес Рақышев.

ҚФБ басшысы Шымбергенов бүкіл жекпе-жек бойы жапониялық Севон Оказаваны соққының астына алғанын, жұдырықтары қарсыласқа дәл тигенін, барлық жағынан мықтырақ әрі басымырақ болғанын атап, нәтижесінде қарсылас жеңгенін жазған.

Сондай-ақ федерациясы президенті Қазақстан - бокс державасы, бокстың көшбасшысы ретінде рингтегі мұндай әділетсіздік фактілерімен келіспейтіндігін айтқан.

«Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалында болған оқиға шектен шықты. Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде Халықаралық олимпиада комитетіне төреші қызметіне өз шағымдарын білдіреді. Өз тарапымнан Асланбек Шымбергеновке жеке қолдау білдіремін! Менің ойымша, мұндай фактілер біздің капитанымызды бұзбайды және ол бокстан ең маңызды халықаралық турнирлерде Қазақстанның туын көтеруді жалғастырады!»,- деп қорытындылаған ҚФБ басшысы.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер