Home » Айдарлар » Қоғам » Президенттік сайлау үміткерлерге тосынсый болды

Президенттік сайлау үміткерлерге тосынсый болды

Басынан бастайық. Биылғы наурыз мейрамы, қазақтың Жаңа жылы шынында да дәл осылай жаңаша басталады деп ешкім де ойлаған жоқ. Елбасының бұл саяси жүрісін шетелдер де қазақстандықтар да күткен жоқ еді. Көпшілікке, басқа да елдерге бұл кенеттен болғандай көрінді. Тіпті ақпарат құралдары «Бұған дейін елді отыз жылға жуық басқарып келген Н.Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні кенеттен мәлімдеме жасап…» деп жазып жатты.

Елбасы бұндай мәлімдемені кенеттен жасады деген кімде кім болса да қатты қателеседі. Бұлай деп ойлағандар Н.Назарбаевтың қандай саясаткер екенін тіпті де білмейді деген сөз. Елбасы Н.Назарбаев Қ.Тоқаевқа тізгінді беруі бір күннің нәтижесі емесі анық, ұзақ уақыттық екеуара дайындықтың нәтижесі.

Елбасы неге Қасымжомарт Тоқаевты таңдады? Демек Н.Назарбаев Қ.Тоқаевты уақытша емес, нағыз заңды президент ретінде таңдаған. Және де Қ.Тоқаевтың кезекті президенттік сайлауды күтпей кезектен тыс сайлауды жариялауы да алдын ала ойластырылуы әбден мүмкін.

Турасын айту керек. Бұл президенттік сайлау үміткерлерге сыйлық болды. Елбасы Қасымжомарт Тоқаевқа президент болған сәтте  қазіргі үміткерлерің бірде-бірі бұлай болады деп ойламағаны анық. Себебі елді билегісі келетін адам алыстан ойлап өз әрекетін жасайды. Қазіргі үміткерлердің ешқайсысы ойламаған жағдай.

Қалай болғанда да бұл сайлаудың жариялануы президенттіктен үміткерлерге тосынсый болды. Олар бұл сайлауға дайын емес екені бірден көрінді. Себебі нағыз саясаткер бұндай жағдайдың болуын алдын ала болжап дайындық жүргізер еді.

Бұндайды болжау мүмкін емес дер кейбіреулер. Бірақ нағыз саясаткер болашақта ел басқарудан үміті болса шахматтағыдай бірнеше қадам алға ойлауы керек емес пе?

Бірақ ондай боламағанын мен үміткерлердің кімдер екенін білгенде түсіндім. Мен саясаттан өте алыс жанмын. Дегенмен «Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген сөз бар екенін баяғыдан білетінмін. Сондықтан елде және әлемде не болып жатқанынан әрдайым хабардар болып жүремін.

Сонымен президенттік сайлауға қатысқысы келетіндер туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан қарап отырсам үміткерлердің бірі де бүкіл Қазақстанға кеңінен танымал деуге келмейді екен. Әрине, аты аталып жүргендер бар. Бірақ олар да саясаттың, ел басқарудың не екенін жете біледі деу қиын.

Сонымен ұйқысынан жаңа оянғандар не істей алушы еді? Апыл-ғұпыл бірдемелер істеуге тырысар. Бірақ асығыс тірліктің нәтижесі «шәугім қашан қайнар екен» деп қақпақты аша берген күйеуге тигісі келетін қыздың тірлігіндей ғой.

Бердалы ОСПАН.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Кәсіпкер Арыс тұрғындарына 10 млн бөлді

Франциядағы жанып кеткен соборға жұлқынып жарыса ақша жинаған қазақстандық бизнесмендер қайда жүр? Түркістан облысы, Арыс ...