Ханчжоудағы Азия ойындарында төрешіге спортшының балғасы тиіп кетті. Zakon.kz мәліметіне сүйенсек, төрешінің ортан жілігі сынып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, төрешінің қазір жағдайы бірқалыпты.
Оқыс оқиға кувейттік спортшы Әли Занкавидің балға лақтыру бойынша финалдық өнер көрсетуі кезінде болған. Жоғарыға көтерілуі тиіс болған балға оң жаққа ұшып кетіп, төрелік етіп отырған техникалық судьяның дәл аяғына қадалған.Новости по теме
Ауруханада оған "Ортан жіліктің ашық сынығы" деген диагноз қойылды. Қазір оның жағдайы тұрақты, - деді Азиада-2023 өкілі Сюй Дэцин пресс-конференция барысында.