Бүгін Алматы қаласындағы "Достық үйінде" "Қазақ детектив жанрының дарабозы" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Конференцияны Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов ашып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.
ТҮРІКСОЙ-дің бас хатшысы Сұлтан Раев қазақ пен қырғыз достығын тілге тиек етіп, Кемел Тоқаевтың түркі елдері әдебиетінен алатын орнына тоқталды.
ҚР ҰҒА академигі Қансейіт Әбдезұлы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің қабырғасынан Кемел Тоқаев атындағы дәрісхана ашылғалы жатқанын мәлім етті.
"Маьнавият ва маьрифат" республикалық орталығының жетекшісі, Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Минхожиддин Ходжиматов қазір Өзбекстанда қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларын аудару ісі қарқын алғанын, Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы қазаққа ғана емес, өзбекке де үлкен мереке болып отырғанын тілге тиек етті.
Өзбек президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзбек тілінде аударылған, өзбек халқы өте көп оқыған Кемел Тоқаевтың кітабын сыйға тартып еді, мен сол кітапты Қазақстан Жазушылар одағына сыйлағым келеді,- деді Минхожиддин Ходжиматов.
Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Қалыбеков тағдырдың тауқыметімен Тоқаевтың аталарының қырғыз елінен пана тапқанын айта келіп, Қырғызстанда Кемел Тоқаевтың музейін ашуды ұсынды.
Ресей ғылымының Еңбек сіңірген қайраткері, детектив жанрының белгілі жазушысы Дмитрий Шестаков бүгінгі детектив жанрына жаңаша көзқараспен қарау керектігін, осы бағытта қазақстандық әріптестеріменОтызыншы жылдардағы қазақ пен қырғыздың басынан өткен қиын тағдырды сол музей аясында көпшілікке таныстыруға болар еді, деді Нұрлан Қалыбеков.
Қанат БІРЛІКҰЛЫ,
"Адырна" ұлттық порталы