2023 жылдың 30 қыркүйегінде Қарағанды облысында ұшақ апаты болып, салдарынан екі экипаж мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу өткен. P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтеріліп, кейін байланысқа шықпаған.
Әуе апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болған.
«Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты. Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады» делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы