Ел қоржынына Азиаданың үшінші алтыны түсті

3263
Adyrna.kz Telegram
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстандық спортшылар Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль иеленді,  деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы. 

«Скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп – 40:35.

Бұл – Азиада басталғалы еліміздің ел қоржынына түскен үшінші алтын медаль.

Айта кетейік, бұған дейін 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Кейін Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты.

Пікірлер