Тоқаев Татарстан басшысын қабылдады

2025
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан басшысы Рустам Миннихановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Біз үлкен делегациямен келдік: 100-ден астам адам, 38 компания. Біздің міндетіміз тек ірі бизнестерімізді ғана емес, тек сауда-экономикалық қарым-қатынастарды ғана емес, сонымен қатар біздің орта және шағын кәсіпорындардың да сіздің елмен белсенді жұмыс істеуін қалаймыз, - деді Минниханов.

Ал Мемлекет басшысы Қазақстанмен арадағы экономикалық ықпалдастық ауқымы бойынша Татарстан Ресей өңірлері арасында жетекші орынға ие екенін атап өтті. 

Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді және Ресей Федерациясымен көпжақты қарым-қатынасымызда маңызды рөл атқарады деп айтуға толықтай негіз бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион доллардан асты. Машина жасау саласында «Татнефть», «КАМАЗ» компанияларының қатысуымен ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұдан да бөлек жобалар бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер