Тұрақта тұрған 6 көлікті соққан. Алматыда ірі жол апаты орын алды

2288
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ірі жол апаты болып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Алматының орталық көшелерінде түнде жол апаты орын алған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан 6 бірдей көліктің соғылғанын анық байқауға болады. Видеода көлікті жалға алған азаматтың Абай даңғылында ірі жол апатын жасағаны айтылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 22 қыркүйек түнгі 00:10-де Абай даңғылымен батыс бағытта «Volkswagen» автокөлігін жүргізіп келе жатқан 2004 жылы туған К. есімді жүргізуші тұрақта тұрған алты көлікті соққан. Жас жүргізуші көлікті жалға алған болып шықты.

«Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатын Әуезов аудандық полиция басқармасы өндіріске қабылдады», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер