Аты орысша Шахтинск қаласындағы бірқатар көшенің кеңестік атаулары қазақшаға өзгертілді

1980
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/dfd3576a-b087-4b28-9e53-24f98472a4b6.jpeg

Шахтинск қаласының шетіндегі бірқатар көшелердің кеңестік атаулары қазақшаға өзгертілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

Атап айтқанда, жергілікті әкімдік Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласындағы Шахан ауылының келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы шешім қабылдады:

1) Добровольский көшесі – Кенесары Қасымұлы көшесіне;

2) Спортивная көшесі – Тұран көшесіне;

3) Суворов көшесі – Әділ Нұркенов көшесіне;

4) Свердлов көшесі – Гүлдер көшесіне;

5) Вишневая көшесі – Шиелі көшесіне;

6) Строителей және Строительная көшелері – Бауыржан Момышұлы көшесіне;

7) Ескі Шахан, Совхозная, Орталық, Абай көшелері – Мәнжы батыр көшесіне.

Шешім заңды күшіне енді. 

Комментарии