Home » Спорт » Несіп Жүнісбаев. Супер МЕССИ Сен Ұлы футболшысың!

Несіп Жүнісбаев. Супер МЕССИ Сен Ұлы футболшысың!

Супер МЕССИ, сен ҰЛЫ ФУТБОЛШЫСЫҢ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Кеше ғана өткен Чемпиондар лигасының кезекті ойынында Барселонаның өзі аттас клубы өзіндей даңқты ағылшынның “Ливерпулін” қабылдап, 3:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл ойында екі допты Леонель МЕССИ соқты. Айтпағымыз екі доп емес,екінші доп! Қақпадан арқан бойы алыс жатқан нүктеден алдына көлденең тізілген темір тосқауылды орап өтіп, қақпаның сол “тоғыздығына” ғана ене алатын допты МЕССИ сол нүктеге қолмен қойғандай – садақтың оғындай қадады!!!  Бұл тек ұлы футболшы орындай алатын өнер еді. Супер МЕССИ  Супер ГОЛ соқты  тағы да!
Тағы да дейтініміз – бұл МЕССИДІҢ “Барселона” жейдесін кигеннен бергі 600-ші ГОЛЫ еді! ҒаламатІ Ғажап! Сұмдық! Керемет! Әрине, даңқты Пеле “Сантоста” жүріп 1000 гол соқты-ау деймін. Бірақ Пеленің заманы мен бүгінгі футболдың арасы адам баласы айға ұшқандай алшақ….

Бұл ойынның барысын әңгімелеп беруден аулақпын. Оны футболСүйер жандар түгел көрді. Айтпағым басқа. Өмірдің бар саласында талантты жандарды тауып, тәрбиелеу Қоғамның ұлы мұраты. Өнерде де, ғылымда да, спортта да… Осыны айтамын да өз еліме, өз ұлтыма қараймын. Қарқын нашар . Қарым орта. Ұмтылыс баяу. Бізде одан гөрі елді кім басқарады,  ұры-қарының саны қанша,  кім ұлтымызды,  ұлттық қадір-қасиетімізді көбірек таптайды деген тақырыпқа бас қатыру басым.

Спортты алайық. Суға жүзудегі әмрика баласы Майкл Фелпс,  бокстегі мексика шұнағы Сауль Альварес, футболдағы аргентина арғымағы Леонель МЕССИлерді тауып,  тәрбиелеудің орнына Эрич-Меричтерді қазақ қып әуреміз. Кеше ғана Еуропада айды аспанға шығарды деген “Қайрат” футзал командасын түгелімен бүгін апарып Бразилия құрамасы қылсақ қателеспейміз! Жеңіл атлетикаға жүздерінен күн ұялатын төрт-бес кениялықты жерсіндіріп жатыр дейді…  Мақтаған “Астана” футбол клубының құрамы да бет бастырардай. Өзге спорт түрінен ұлттық құрама сапы да жерге қаратқандай. Бапкерлерге өз ұландарымызды тауып тәрбиелеуден гөрі Сіз бен Біздің салыққа жинаған ақшамызға сырттан спортшыларды көтере сатып алу оңай боп тұр. Дауыл ақын Иса Байзақов па еді ; “Ел болса ер туғызбай тұра алмайды!” деп көкірегін жара ұрандаған, сол сертті сөзді де теріске шығара бастағанымызға аз уақыт өткен жоқ!
Бәріне қозғау салған СуперМЕССИ ғой! Ол да жөн. Осылай талантты жандар жарқ етіп,шаңымызды қағып тұрмаса, төбеден саулаған топырақтан екі көзіміз ғана сығырайып көрінгені көрінген…  Мен МЕССИДІ бұрын да ұлы футболшы атандырғанмын. Біреулер оны Криштиан Роналдумен қатар қойғысы келеді. Рас,екеуі де ғажап ойыншы. Бірақ Роналду бәріне талант, еңбекқорлық,  мақсаткерлікпен жетсе,  МЕССИ — сиқырлы, сиқыршы, табиғатынан осылай ғажап боп туған тұлға! Ол сондықтан да СуперМЕССИ!!!!!!!!

“Сен СуперМЕССИСІҢ,  Леонель! Сен ұлы Футболшысың!”   Бұл саған біржақтағы қазақ баласының берген бағасы….  Ал,  тобықтай сөздің түйіні — біздің ұлтқа да осы МЕССИ секілді табиғатынан ғажап ұл мен қыз керек! Өмірдің кез-келген саласында. Олай болса жан-жағымызға көзді кең ашып қарап жүрейік,  ҚАНДАСТАР!  Қазаққа да әлем алдында алар абырой атаулы көп болмайды!

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

«Қазақ футболы цирк, біздің оған қатысқымыз келмейді»

«Тараз» футбол клубының бас бапкері Вахид Масудов қазақ футболы спорт емес циркке ұқсайды деп мәлімдеді. ...