Риддердегі ЖЭО-ны жөндеуге 7,3 млрд теңге бөлінді

1907
Adyrna.kz Telegram

Риддердегі ЖЭО-ны жөндеуге Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр облыс әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында барып, жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Өңірдің жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталған. Қазір ЖЭО іске қосуға дайындық жүргізіліп жатыр.

Көктемде апат болған стансаны жөндеуге Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге қарастырылған. Биыл моноқаланың жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,1 млрд теңге бағытталса, өндіріске тартылған инфрақұрылымды жөндеу процесіне жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Іс-сапар барысында Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. Роман Скляр бастаған делегация Риддерден бөлек,  Өскемен ЖЭО-ға да барды. Мұнда жөндеу жұмыстары алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған болатын. Бүгінде стансаның дайындығы 80%-дан асады, ал жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қазан айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер