Польша ресейлік көліктердің кіруіне тыйым салған алтыншы ел болды

1659
Adyrna.kz Telegram

Енді Ресейде тіркелген көліктер Польшаға кіре алмайды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұған дейін мұндай тыйымды Германия, Балтық және Финляндия елдері қабылдаған болатын. Бүгін, 17  қыркүйектен бастап Польша да Ресейде тіркелген жеңіл автомобильдерге өз елінің аумағына кіруге тыйым салды.

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Мариуш Каминский мәлімдеді.

Польша ІІМ басшысының айтуынша, тыйым Ресей Федерациясының азаматы немесе басқа мемлекеттің иесі болғанына қарамастан, Ресейлік нөмірдегі барлық коммерциялық және жеке көліктерге қолданылады.

"8 қыркүйекте Еуропалық комиссияның Ресейде тіркелген автомобильдердің ЕО аумағына кіруіне тыйым салуға қатысты ұсыныстарының жариялануына байланысты, поляк шекарасындағы бұл тыйым түн ортасында күшіне енеді", — деді Каминский Риа Жаңалықтары басылымына.

Каминский атап өткендей, жаңа шектеулер Украинадағы әскери әрекеттерге байланысты Ресейге қарсы санкциялардың тағы бір элементі болып табылады.

"Ресей бүгінде ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруде", — деді Польша ІІМ басшысы.

Айта кетейік, Польша Еуропа одағының өз елдеріне Ресейде тіркелген автокөліктерге кіруге тыйым салған алтыншы елі болды.

Пікірлер