Еуропалық одақ TikTok платформасына 368 млн доллар айыппұл салды

2350
Adyrna.kz Telegram
Еуропалық одақ TikTok платформасына 368 млн доллар айыппұл салды. Одақтың көрсетуінше, TikTok платформасы балалардың жеке деректерін өңдеу бойынша құпиялылық заңдарын бұзған. Айыппұл сомасы 345 млн еуроны ($368 млн) болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Euronews TikTok-тың 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында ЕО-ның құпиялылық туралы бірқатар заңдарын бұзғанын жазды. Бұл жайлы Ирландияның деректерді қорғау комиссары (DPC) мәлімдемесінде айтылды.

TikTok-тың штаб-пәтері Дублинде орналасқан. Сонымен қатар ЕО атынан әрекет ететін ирландиялық деректерді қорғау комиссиясы әлеуметтік медиа алыбын өз қызметін үш ай ішінде ережелерге сәйкес келтіруге міндеттеді.

Айыппұл 2020 жылдың шілдесі мен желтоқсан айлары аралығында жасалған бұзушылықтар туралы екі жылдық тергеуден кейін салынып отыр.

Реті келгенде ақпарат көздеріне сүйене отырып айта кетейік, бұған дейін TikTok әлеуметтік желісіне 2019 жылы АҚШ шамамен 5 миллион доллар, ал Нидерланды 2021 жылы 750 мың евро айыппұл салғаны хабарланған. Өткен жылдың сәуір айында Ұлыбритания осындай құқық бұзушылықтар үшін шамамен 15 миллион евро айыппұл салды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер