Қазақстанда қылмыс жасады деген 2000-нан астам күдікті іздеуде жүр

2204
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860.jpeg

Қазақстанда қылмыс жасады деген күдікпен 2372 адам іздеуде жүр. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олардың 510-ы алаяқтық, 318-і ұрлық жасаған деген күдікке ілінген. Адам өліміне қатысы бар 146 адамға іздеу жарияланған.

Қашып жүргендердің ең көбі Алматы қаласынан. Онда

іздеуде жүргендердің саны – 514. Астанада 185, Шымкентте 155, Алматы мен Қарағанды облыстарында 140-қа жуық адамға іздеу жарияланған.

Ал елімізде із-түссіз жоғалып кеткен азаматтардың саны 11 мыңға жуықтаған. Олардың 77%-ы – 30-49 жас аралығындағы ер адам, делінген хабарламада.

Комментарии