Аманхан Әлімұлымен кездесу

2293
Adyrna.kz Telegram

Аманхан Әлімұлымен кездесу

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияда ақын, "Ақиқат" журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлымен "Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым" жобасында кездесу өткізді.

Бұл кездесу "Адырна" этнографиялық бірлестігі ұйымдастырып отырған, мектеп арасындағы кездесулердің ішіндегі, ең шоқтығы биік, өзгелерден дара кездесу болды. Ал шоқтығы биік, дара кездесу болуына басты себепкер болған, №140 мектеп-гимназияның ұжымымен, мектеп-гимназиясы директоры Сания Өскенбайқызы болды.

Бұл кездесу іс-шарасы Аманхан Әлімұлының өмірлік кезеңдерін қамтыған видео роликтар көрсетілген, сырлы өлеңдерін оқушылар оқыған, шеберленген спектакль қойылған,  кездесудегі көрерменді тәлім тәрбиеге баулыған рухани кеш болды.

Аманхан Әлімұлы мектеп оқушыларына тәнті болып, мектеп директоры мен ұжымына алғысын айтып, оқушылармен өмірден түйгенімен бөлісіп, әр оқушыны жақсы болуға, жақсылық жасауға шақырып, бұл өмірді байлар мен шен-шекпенділер ұстамайды, бұл өмірді жақсылық жасайтындар ұстайды, жаман болу оңай, жаман болу үшін бір адамға балағат сөз айтып, немесе тиісіп қалсаң жетеді, ал адамға жақсылық жасау оңай іс емес, бұл жақсылықтың жолы ауыр жол екендігін ескертіп, ауырда болса абыройлы іске арқаларыңды тосуға дайын болуларын айтып, мектеп оқушыларына арнаған, ұлағатты ойы мен жалынды сөзбен кездесуді аяқтады.

Бекзат Болатұлы фб парақшасынан

Пікірлер