"Діни киім кию мәдениетінде шектен шығып кетті. Ислам белгілі бір киім киюді, белгілі бір сыртқы келбетті білдіреді деген пікір қалыптасты. Пайғамбарымыз қалдырған қағида бар. Исламда белгілі бір форма қабылданбаған, ол мүмкін емес, ол бір ұлттың, бір климаттың діні емес", - деді Нуриддин Холикназаров.
Сонымен қатар, мүфти дінді ұлтқа, салт-санаға жіктеп, бөлшектеуді қабылдамайтындығын жеткізді. "Ислам бүкіл адамзатқа жіберілген" деп мәлімдеді.
"Арабтардың өз киімі бар, түріктердің өз киімі бар, Индонезия мен Малайзиядағы мұсылмандар өз киімін киеді, ал өзбектер өз киімін киеді. Ислам киімге қатысты да ұстамды болуды және шектен шықпауды үйретеді", - деді Нуриддин Холикназаров.
Нуриддин Холикназаров Өзбекстандағы мұсылман әйелдерден бетін жабу, қара киім кию немесе қолғап кию талап етілмейтінін баса айтты. Ол мұсылмандардың сақал қою мәселесіне де тоқталды.
Мүфти өз отандастарын Исламдағы басқа да мәселелер – намаз, қажылық және ата-анаға деген көзқарасты орынды әрі дұрыс түсіндіруге шақырды.
"Әлеуметтік желіде бір кісі анасының аяғын жуып, сол суды ішіп жатқанын көріп жүрміз. Дінімізде мұны талап етпейді. Ата-ананы құрметтеу олардың аяғын жуған суды ішу емес. Ата-ананы құрметтеу оларды Қағбаға апарып, бүкіл әлемнің көзінше аяғын сүю емес", - деді Нуриддин Холикназаров.
Ол ата-анаға көмектесіп, мұң-мұқтажын өтеп, батасын алу керек екенін айтты. Қалғанын шектен шыққандыққа балады.
"Адырна" ұлттық порталы