Екібастұзда сауда орталығынан өрт шықты

2116
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда сауда орталығы өртенді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментіне Екібастұз қаласындағы сауда орталықтарының бірінде өрт шыққаны хабарланған.

«10 қыркүйек күні сағат 08:00-де Екібастұз қаласындағы MAXI MALL сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт орнына дереу 6 бірлік техника мен 30 жеке құрам аттанды», - деп хабарлады жексенбі күні төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт 50 шаршы метрден басталған. Ғимараттың үшінші қабатындағы балалар киімдері мен ойыншықтар дүкенінде пайда болған қызыл жалын балалар киімдері мен ойыншықтар дүкені де жанған.

Сондай-ақ, 7 шаршы метр аумақтағы әйелдер киімі дүкеніндегі заттарға да зиян келген. Жалпы өрттің аумағы  57 шаршы метр.

Ведомство өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялағанын хабарлады.

Орталықта шыққан өрттен зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер