Төл мәдениетіміздің тамыры тереңде

2130
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант аясында «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеткелі бір айдың жүзі болды.

Жобаның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, төл тарихымыз бен өзімізге ғана тән ерекшеліктерімізді елдің тұтқасы саналатын жастардың бойына сіңіруге үлес қосу, олардың бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді арттыруға себепкер болу десек артық айтпаспыз.

      Қазақ елінің тұңғыш президенті  Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бір жыл бұрынғы бағдарламалық мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп шегелеп айтқан еді. Сондықтан да қоғамдағы әрбір адам ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтары мәселесін әрдайым басшылықта ұстап, жадынан бір сәтке де шығармаса екен дейсің... Ұлттық тұтастықты сақтау, ұлттық мәдениетті дамыту, жаһандануда жалпы ағымға ілесіп кетпеу мәдениетті сақтауға тікелей байланысты. Мәдениет бізде бар, болған және бола береді де. Қазақ мәдениеті жер бетінде қазақ деген ұлт барда жасай беретіні ақиқат. Тек, дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, ұмытуға жол бермей, насихаттай беруіміз керек. Жаһанданудың жан-жақты әсерлеріне шектеу қойып, ұлттың өзегі саналатын  отбасылық құндылықтардың озық үлгілерін сақтап, қолдану аясын одан сайын кеңейтіп отыруымыз қажет. Сондықтан «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» жобасының берері мол деп үміттенеміз. Болашаққа нық қадам басу үшін өткеніңді ұмытпау керек! Себебі, ұлттық тамырдан ажырау жақсылық әкелмейтіні сөзсіз. Тереңде жатқан ұлттық тамырдан ажырамау үшін сіз-біз болып, ортақ мүдде үшін атсалысуымыз керек-ақ!

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі

 

Пікірлер