"Тобылдың" футболшысы уланып қалды. Жағдайы өте ауыр

1337

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының ойыншысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне «Тобыл» клубының бір футболшысы түсті. Ол тамақтан уланған. Жағдайы өте ауыр. Қазір арнайы ем-дом шараларын қабылдап жатыр», - департаменттің баспасөз қызметі. Бірақ ойыншының аты-жөні айтылмаған. Бейресми ақпарат көздерімен қатар KazFootball.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, уланған футболшы Сенин Себаи. Сенин қысқы трансфер барысында Ресейдің «Тамбов» клубынан ауысып келген. Сол кезде бұл шабуылшыны Қостанай командасы 50 мың долларға сатып алғанын қостанайлық клуб ресми мәлімдеген.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket