ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

2660
Adyrna.kz Telegram

Дәтүрді дәріптеу туәелсіздігіміздің тұғырын беткітуге негіз болады. Бұл бағытта еліміздің өркениеттік ордасы саналатын Алматы қаласындағы  «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Жастар дәстүрді дәріптейді» шарасы өтті. «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған  фестивальге мегаполистегі жоғары оқу орындарының бес командасы қатысты. Дастүрлі өнер түрлерін заманауи бағытта жаңғырту өскелең ұрпақтың төл мәдениетіміздің асыл жауһарларымен сусындауына негіз болады. Сондықтан, «Алатау» дәстүрлі өненр театрның бұл бастамасы жастардың шыңдалуына жол ашары сөзсіз.

 

Фестивальдің мақсаты: Елімізде жарияланған «жастар жылын»  қолдау, жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, дәстүрлі өнер түрлерін заманауи  бағытта жаңғырту. Сондай-ақ халық ауыз әдебиеті эпостық жырлар мен мәдени құндылықтарымызды қайта түлету. Бабаларымыздан мирас болған салт-дәстүрді өскелең ұрпаққа насихаттау және дарынды жастар мен өнер ұжымдарын анықтап, қолдау көрсету. Бұл фестивальде өнер ұжымдары халқымыздың  «Қыз Жібек» , «Қозы Көрпеш - Баянсұлу», «Айман - Шолпан», «Еңлік – Кебек» сияқты  халық ауыз әдебиеті эпосы жырларындағы оқиғалардан үзінді келтіріп сахналық қойылым қойды. Оған «Серпер» Жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов., Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жас өспірімдер театрының әртісі Бақыт Тушаев, «Алаш ұлы»  тобының әншісі Мақсат Рақымет, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының өнертану магистрі, театртанушы Мирас Әбіл, Қазақстан жазушылар одағының аға әдеби кеңесшісі, ақын Бекзат Смадияр және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қызметкері Жанерке Дүйсенбиева қазылық етті. Алғаш болып сахна төріне Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» дастаны желісімен  Қазақ Бас саулет – құрылыс академиясы өз қойылымын қойп, өнер көрсетті. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті «Еңлік - Кебек» поэмасынан үзіндіні сахналады. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - ХIII- ХIV ғасырлардан бастап жырланып, ХIХ ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ хазақ халқының лиро – эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. Жиырмаға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі Жанақтың нұсқасы саналады. Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымын көркем жеткізді.


«Ақан сері Ақтоқты» - Ғабит Мүсіреповтың 1941 жылы жазған  тарихи шығармасы. Қазақ халқының әйгілі әншіс, комозитор Ақан Қорамсаұлы мен Ақтоқты арасындағы махаббатты бейнелейтін кезеңін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымында сахналады. Сонымен әділ қазылар алқасының шешімімен «Жастар дәстүрді дәріптейді» фестивальінің бас жүлдесін НАРХОЗ университеті «Ана – Жер ана» қойылымымен жеңіп алды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ақан сері - Ақтоқты» қойылымында салт – дәстүрімізді ерекше көрсете білгені үшін «Ең үздік эпизод» номинациясын иеленді. Қазақ Бас сәулет – құрылыс академиясының «Қалқаман - Мамыр» қойылымы «Көрермен көзайымы» номинациясын  місе тұтты. «Ең үздік ер адам рөлі» номинацияларын Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенті, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлдағы» «Қарабай» рөлін сомдаған Ислям Төремұратов пен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру  университетінің студенті, «Еңлік - Кебек» қойылымында «Жапал»  рөлін сомдаған Нұржан Мұсұрманқұлов алды. «Ең үздік әйел адам» номинациясын НАРХОЗ университетінің студенті «Ана – Жер ана» қойылымында «Әлиман» рөлінднгі – Ақниет Оралхан иеленді. Жалпы, шараға қатысқан жастардың бойынан ұшқындаған жалын, көзінен от көруге болады. Олар жоғарыда атап откен қойылымдары арқылы талғампаз көрерменді бір сәт тарих қойнауындағы оқиғаларға сүңгіткендей әсер қалдырды. Сондықтан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Берік Жүсіп басқаратын «Алатау» дәстүрлі өнер театры бұл бастаманы өміршең жоба ретінде талапты жастарға жол ашатын алаңға айналдырады деген сенімдеміз.

Гүлвира Асқарқызы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің студенті

 

Пікірлер