Home » Спорт » Илья Илин Азияда жүлдесіз қалды

Илья Илин Азияда жүлдесіз қалды

Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Илья Ильин 5-орын алды. Ильин жарысқа 25 сәуірде шықты. Ол 96 келі салмақта сынға түсіп, қоссайыс нәтижесі бойынша 345 келі көтерді. Бұл салмақта алтынды Қытай спортшысы Тао Тиан (401 кг), күмісті Иран атлеті Сейедайоб Мусавижарахи (373 кг), қоланы оңтүстік кореялық Чжун Хун Хан (366 кг) иеленді.

Қытайдағы Азия біріншілігінде қазақстандық Арли Чонтей (55 кг) мен Денис Уланов (51 кг) қола алған. Ал Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов жарыстан қатысуға бас тартқан. Әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло 4-орын иеленген.

Нинбодағы жарыс – Ильиннің допинг допинг дауына кейінгі алғашқы жарысы. Ол Пекин және Лондон олимпиадаларында допинг қолданды деп айыпталып, екі жылға спорттан шеттетілген. Спортшылардың жаза уақыты 2018 жылы жазда аяқталғанИльин былтыр қарашада Ашғабатта өткен әлем чемпионатына, желтоқсанда Дохада өткен халықаралық турнирге қатысуы тиіс болған. Бірақ спортшы жарақатына байланысты екі жарысқа да қатыспады.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Геннадий Головкин – ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы

Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz. ...