Өскеменде ғайыптан пайда болған ақын елді "шулатып" жатыр

2444
Adyrna.kz Telegram
Желіде тараған видеода ақын вокзалдағы сорақылықты  жырлаған. Өскеменде кемшіліктерді оқиға орнынан сынай жырлап, әлеуметтік желіге салып жіберетін "Ақынкелді" деген ақын пайда болды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Ақынның шын аты-жөні – Аян Қалымбек. Әлеуметтік желілерде өзін "Ақынкелді" деп танысатыратын ол қоғамдағы көзге ұрып тұрған кемшіліктерді осындай жолмен қалың көпшілікке жеткізгісі келетінін айтады.

 

Ақынның желідегі парақшасында жарияланған мына бір атышулы видеода ол теміржолдың "қылмысы" үстінен түскен. Онда жолсерік адамдарды пойызға шелек қойып шығарып жатыр екен. Олардың қасына жетіп келген ақын өзінің жыр шашуын былайша төгіп жіберді:

Өскемен – шығыстағы гүлді  қала,Ал мына вокзал болған түрді қара.

Пойызға мінетұғын перроны жоқ,

Басшылар бір пайдалы іс тындыра ма?

Вагонның биігіне өрмелеген,

Қариялар жамбастарын сындыра ма?

Қойып қойған орындық, шелегі не?

Мұндай жерге туристер келеді ме?

Вокзал деген қаланың бет-бейнесі,

Мұндай сорақылықтың себебі не?

Жолаушы мен қонақтан ұят болды-ау,

Басшылар құлақ салғын өлеңіме... деп жырлайды.

Вокзалдағы қара-құрым халық ақынның айтқандарымен бас шұлғып келісіп, оған қол шапалақтап өз қолдауын білдірді.

Ақынкелді алдағы уақытта да ғайыптан пайда болып айтып-айтып кететін әлеуметтік желілердегі шығармашылығын жалғастыра бермекші.

Sputnik

 

Пікірлер