Суровикин Ресей әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды

1715
Adyrna.kz Telegram
Фото: golosomeriki.com
Фото: golosomeriki.com

Ресей әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы міндетін атқарушы Сергей Суровикин қызметінен босатылды. Бұл қызметке генерал Виктор Афзалов тағайындалды. Бұл туралы РИА Новости жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Афзалов осыған дейін Суровикиннің қол астында, әуе-ғарыш күштері бас штабының бастығы болған еді.

Айта кетейік, 22 тамыз күні журналист Алексей Венедиктов президенттің құпия жарлығына сүйеніп, Суровикиннің қызметтен алынғанын жазды. Онда Суровикин қызметтен босатылса да, қорғаныс министрлігінде қалғаны айтылған.

РБК Суровикин басқа қызметке ауысқанын айтады.Ақпаратына сүйенсек, Суровикин қазір қысқа мерзімді еңбек демалысында.

Ал журналист Ксения Собчак Суровикин Путиннің құпия жарлығымен 18 тамызда қызметінен қуылғанын хабарлайды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер