Италиядан жеткен құпия сый. Алматы әуежайында Қазақстанға жөнелтілген "жұмбақ жәндіктер" табылды

3705
Adyrna.kz Telegram

Италиядан Қазақстанға  заңсыз жеткізілген құмырсқалар Алматы әуежайынан  анықталды. Тәттінің орнына 7 құтыға қатар салынып, заңсыз жөнелтілген жәндіктер тобы тәркіленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алматы халықаралық әуежайында мемлекеттік кірістер департаменті,  «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері тексеріс жүргізу барысында Италиядан келген құмырсқаларды анықтады. Қорап ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалары бар 7 пробирка мен 22 пластикалық контейнер анықталды.

«Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді. Осылайша, рұқсат құжаттарынсыз тірі жәндіктерді Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды», - делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.

Сапарлаушының тәтті орнына құмырсқа салып, оны Қазақстанға не себепті жеткізгені әзірге белгісіз. Аталған дерек бойынша материалдар шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жіберілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер