Түркістан облысы, Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасына демалуға барған ағайынды 4 отбасының мүшесі суға батты. Оқиғаның ақыр соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Жоғалған 11 адамның 8-нің денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сырдария өзенінде суға батқан 11 адамның 8-нің денесі табылды. Олардың екеуі - ересек, ал алтауы - жасөспірім. Қалған іздестіріліп жатқан 3 адамның да екеуі жасөспірім, біреуі кәмелет жасына толмағаны анықталды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзен жағасына демалуға барған 20 адамның барлығы - бір әулеттен тараған төрт отбасының мүшелері. Олардың Отырар ауданына қарасты, Көксарай ауылының тұрғындары екені белгілі болды.
Іздеу шараларына 144 адам, 16 техника мен 6 жүзу құралы және 2 дрон жұмылдырылды.
"Адырна" ұлттық порталы